Фото: ТЖМ
«Оқиға орнына келгенде құрылыс материалдарын сатумен айналысатын «Евролюкс», «Гармония», «Марморит», «Медина» дүкендері мен қоймалары өртеніп жатқаны анықталды. Дүкендердің жалпы аумағы 2500 ш.м. Өрт шамамен 1300 ш.м. шарпыған. ТЖД күшейтілген режимде өрт сөндіріп жатыр. Оның себептері анықталады», деп атап өтті Шымкент қалалық ТЖД.