Хоккей • 18 Қаңтар, 2024

17 секундта матч тағдырын шешті

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нидерланд Корольдігінің Херенвен қаласында хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпио­наты­ның жалауы желбіреді.

17 секундта матч тағдырын шешті

ІІ дивизионда сынға түсіп жатқан Қазақ­стан құрамасы кезекті ойынында Түркияның қақпасына жауапсыз 6 шайба салып, ірі жеңіске жетті. Жерлестеріміз сапынан ойын бастала сала 1,40 секундта Яковлева алғашқы шайбаны қарсыластар қақпасына тоғытса, араға 17 секунд салып Зубкова (1,57 секунд) есепті еселеп, матч тағдырын шешіп тастады. Ал 13 минут 46 секундта Крухольская есепті 3:0-ге жеткізді. Екінші кезеңде Зубкова, Хохлова және Раковскаяның мергендігімен көзге түсті.

Осы жеңістің арқасында еліміздің хоккейшілері А тобынан плей-оффқа шығу мүмкіндігін нығайта түсті. Айта кетейік, бұған дейін қыздарымыз 1-турда Ұлы­британияға 0:4 есебімен есесі кеткен болатын.

Қазақстанның қыздар командасы алдағы күндері Латвия (18 қаңтар), Қытай (20 қаң­тар) және Нидерландқа (21 қаңтар) қарсы мұзайдынға шығады.