Спорт • 17 Қаңтар, 2024

Сұрмергендер Азияны бағындырды

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Стенд атудан Кувейтте өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында трап бағдарламасы бойынша жерлес­теріміз топ жарды.

Сұрмергендер Азияны бағындырды

Фото: Саил Сабиров

35 елден жиналған 350-ден астам мерген сынға түсіп жатқан сары құрлық сайысында 140 ұпай жинаған Әлішер Айсалбаев/Мария Дмитренко жұбы алдына жан салмады. Екінші орынға 137 ұпаймен Мохаммад Бейранванд/Марзиех Парвареш жайғасса, үздік үштікті Юхао Гуо/Сяоцзин Ван (136 ұпай) түйіндеді.

Айта кетейік, бұрнағы күні Мария Дми­тренко трап бағдарламасы бойынша жеке және командалық сайыста қос қола жүлде иеленген болатын.

Стенд атудан Азия чемпионаты 22 қаң­тарға дейін созылады. Кувейтте Париж Олим­пиадасының 8 лицензиясы сарапқа салынады. Скит жəне трап бағдарламасында елімізден барлығы 18 спортшы өнер көрсетіп жатыр.