Халық • 18 Қаңтар, 2024

Саналы іс-қимылдан – сапалы ұлтқа

110 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатын зер сала оқып шықтым. Мазмұнды да мағыналы сұхбатта айтылған мәселелердің бәрі ұлтымыздың болашақта негізге алатын жол көрсетер бағыт-бағдары, айнымас алтын қазығы деп бағалауға болады.

Саналы іс-қимылдан – сапалы ұлтқа

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Сұхбат маңызды мәселелерді назардан тыс қалдырмай, қоғам өмірінің барлық саласын қамтып, барынша жатық, түсінікті тіл­мен толыққанды берілген. Пре­зидент ұлт мүддесі ешқашан естен шығарылмайтынын жұрт­шылық назарына жеткізді. Ха­лық арасында түрлі көзқарас, түрлі пікір туғызған Қаңтар оқи­­ғасы туралы, Қазақстанға Ресей­дің әскери қызметшілерін ша­қыру туралы қойылған сал­мақты сауалға Президент

егжей-тегжей тоқталып, сол бір дүр­белең қасіреттің басталуы, етек алып өрбуі, қандай қиын сындарлы сәттерді бас­тан кешуге тура келгені туралы кеңінен әңгімеледі. Қаңтар оқи­ғасы кезінде егемендігіміз ғана емес, елдігімізден де айырылып қала жаздадық. Осындай сындарлы уақытта Мемлекет басшысы табандылығы мен қайсар мінезінің, батыл шешімдерінің нәтижесінде, қайсарлылық танытып, елдігімізді, егемендігімізді сақтап қалды.

Сұхбат барысында еліміздегі саяси реформалардың 2019 жылы басталғаны, саяси жаң­ғыру үдерісі 2022 жылы тың қар­қынмен жалғасқаны айтылды. Ата заңның үстемдігін қамтамасыз ететін, кон­сти­ту­циялық бақылауды жү­зеге асы­ратын жоғары орган – Кон­сти­туциялық сот қайта қал­пына келтірілгені сөз болды. Эко­но­мика бағытында да келелі ой ай­тылды. Әділетті Қазақстанның жаңа экономикалық бағдары жарияланғаны, маңызды міндет – инвестиция тарту, қомақты ин­вестиция болса, экономика қарқыны үдейе түсіп, жаңа мүм­кіндіктер пайда болатыны сөз болды. Соған орай, Инвестиция штабын құру туралы Жарлыққа қол қойылғанын жеткізді. Пре­зиденттің тапсырмасымен Үкі­мет мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасын қайта қарауға мүмкіндік беретін жаңа Салық кодексін әзірлеп жатқаны айтылды. Мемлекет басшысы Салық жүйесін жетілдіру, жаңа Бюджет кодексі тұрғысында өз ойын жеткізді.

«Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек!» тақырыбын арқау еткен сұх­бат ел өміріндегі көптеген түйт­кілді мәселені қамтыған. Сұхбаттың парасатты әрі пайымды түйіні бәріміздің ойымыздан шығып, көкейдегіні жеткізгені ақиқат. Біз де сұхбаттағы пікір­лерге то­лығымен қосыламыз, құп­тай­мыз, қолдаймыз. Әділетті Қа­зақ­станның қалыптасуына үлес қосу – әрқайсысымыздың негізгі азаматтық борышымыз.

Сыр өңірінде кейінгі жылдары атқарылып жатқан жұмыстар елдегі бірлік пен берекені таны­тады. Аймағымыздағы ана мен балаға деген қамқорлық, ден­саулық, білім саласындағы же­тіс­тіктерді атап айтуға болады. Салынған және жақында іске қо­сылатын Өнер орталығы, От­басы орталығы, мектептер, дарынды балаларға арналған арнайы мектеп, Қан орталығы, жөнделіп жатқан жолдар, тап-таза қала келбеті бәрі-бәрі – облыс бас­шысының Президент тапсырмаларын орындаудағы, әділетті Қазақстан жолындағы нәтижелі еңбегі. Бір сөзбен айтқанда, Қы­зылорда облысының дамуы Мем­лекет басшысының ұстаны­мын, жарқын идеяларын жүзеге асыруда әлеуетті деуге болады.

 

Қылышбай БИСЕНОВ,

академик,

Ұлттық құрылтай мүшесі