Бокс • 19 Қаңтар, 2024

Жарысты сәтті бастады

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мажарстанның Дебрецен қаласында бокстан Иштван Бочкай атындағы халықаралық турнир басталды.

Жарысты сәтті бастады

Жарыстың алғашқы күнінде төрт бокс­­шымыз шаршы алаңға шығып, оның үшеуі келесі айналымға өтті. Атап айтар болсақ, 60 килодағы Бейбарыс Жексен моңғолиялық қарсыласын, 63,5 килодағы Ертуған Зейнуллинов пен 71 килодағы Сабыржан Аққалықов Мажарстан боксшыларынан басым түсті.

Өкінішке қарай, 75 килодағы Диас Молжігітов қарсыласына жол берді. Аталған халықаралық турнирге негізінен жас был­ғары қолғап шеберлері аттанған болатын. Олардың қатарында Асхат Жүсіпов (48 кг), Даниял Сәбит (51 кг), Кенже Мұратұлы (54 кг), Самат Жетібаев (54 кг), Асылжан Серікбай (57 кг), Жексен Бейбарыс (60 кг), Ер­­туған Зейнуллинов (63,5 кг), Рахат Сейіт­жан (67 кг), Сабыржан Аққалықов (71 кг), Диас Молжігітов (75 кг), Ерасыл Жақ­пеков (80 кг), Темірлан Мұқатаев (86 кг), Данияр Рахымбердиев (92 кг) пен Дамир Тойбай (92 кг-ден жоғары) бар.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы боксшыларымыз аталған турнирден 9 медаль олжалап қайтты: 6 алтын, 3 қола. Осы­лайша, жалпы есепте ел құрамасы бірінші орынды жеңіп алған болатын.