Қаржы • 19 Қаңтар, 2024

Доллар сәл арзандады

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,68 теңгеге төмендеп, 450,04 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады.

Доллар сәл арзандады

Фото: Zakon.kz

Одан бөлек, Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 62,36 теңгені (-0,24) құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 491,65 теңгеге, рубльді 5,1 теңгеге белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 451,9 - 453,9 теңгеге, еуро 493 - 496 теңгеге, ресей рублі 5,01 - 5,15 теңгеге сатылып жатыр.  

Сондай-ақ бүгінгі аукционда мұнайдың әлемдік бағалары да төмендеп жатқаны байқалды.

Мәселен, Лондонның ICE (InterContinental Exchange Futures) биржасында Brent маркалы мұнай баррелі 0,5 долларға арзандап, 79,05 долларды құрады.

Нью-Йорк NYMEX (New York Merchantile Exchange) биржасында Light маркалы мұнайдың бағасы барреліне $0,11 өсіп, $74,19 құрады.