Спорт • 22 Қаңтар, 2024

Әлем чемпионатынан олжалы оралды

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Юта штатында (Солт-Лейк-Сити) конькимен жүгіруден өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы күміс жүлдеге ие болды.

Әлем чемпионатынан олжалы оралды

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, командалық спринтте елі­міз­дің ерлер құрамасы күміс жүлдегер атанды.

Алтай Жәрдембекұлы, Евгений Кош­кин, Никита Важенин мен Артур Галиев (резервте) квартеті чемпион атанған Ка­на­да құрамасынан 3,17 секунд қалып, екін­ші орынға табан тіреді. Ал үздік үш­тік­ті Оң­түс­тік Корея конькишілері түйіндеді.

Айта кетейік, биыл аталған додаға сегіз мемлекеттен келген 80-ге жуық спортшы сынға түсіп жатыр. Бүгін шешуші жарыс күні ерлер мен әйелдер арасында із кесу, жеке­лей сындағы 100 метр мен масс-старт жарысы өтеді.

Жалпы, төрт құрлық чемпионаты деген Еуропадан басқа құрлықтағы мемлекеттің спорт­­шылары сынға түсетін жыл сайынғы дода.