11 Маусым, 2010

Әдебиет және өнер саласындағы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі республикалық комиссияның хабарламасы

461 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының 2010 жыл­ғы Мемлекеттік сыйлығын бе­ру жөніндегі комиссия аталған сый­лықты алу үшін алдын-ала ірік­теуден өткен және конкурстың келесі кезеңіне жіберілген шығар­ма­лардың тізімін ұсынады. Әдебиет секциясы Айтұлы Несіпбек – ақын. “Ер­лікке ескерткіш” поэмалар жинағы. Қазақстан Республикасының Пре­зиденттік мәдениет орталығы мен “Астана” журналы ұсынған. Досанов Сәбит Аймұханұлы – прозашы. “Намыс найзағайы” ро­ма­ны. Қазақстан Жазушылар ода­ғы­ның басқармасы, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Білім және ғылым ми­нис­трлігінің М.Әуезов атындағы Әде­биет және өнер институты ұсынған. Нәжімеденов Жұмекен Сабыр­ұлы (марқұм) – ақын. “Менің Қазақ­станым” өлеңдер мен поэ­малар жинағы. “Атамұра” корпора­циясы ұсынған. Ниязбек Рәпілбек (Рафаэль) – ақын. “Құлагердің құлыны” өлең­дер жинағы мен поэма. Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы мен “ҚазАқпарат” баспа корпора­циясы ұсынған. Сариев Шөмішбай Нағашы­байұлы – ақын. “Шөл даланың ұлымын...” өлеңдер жинағы. Қазақ­стан Рес­пуб­ликасы Білім және ғылым ми­нис­тр­лігінің М.Әуезов атын­дағы Әде­биет және өнер институты ұсынған. Музыка, театр және кино секциясы Дінішев Әлібек Мұсаұлы – әнші. 2005-2007 жылдардағы кон­церт­тік шығармашылығы. Ә.Діні­шевтің Вокал академиясы театры ұсынған. Дүйсекеев Кеңес – ком­позитор. 2007-2009 жылдардағы жа­зылған әндері. Қазақстан Компо­зиторлар одағы ұсынған. Қалдаяқов Шәмші (марқұм) – композитор. “Бақыт құшағында” әндер жинағы. “Қазақ әуендері” акционерлік қоғамы ұсынған. Бейнелеу өнері және сәулет секциясы Ақанаев Амандос – суретші. “Таранды великого Эля” жобасы. Қазақстан Республикасы Көркем академиясы ұсынған. Бапанов Әлібай Қалтайұлы, Бапанова Сәуле Сыздыққызы – суретші-қолөнершілер. “Жұмақ жер” жұмыстар топтамасы. Қазақ­стан Республикасы Суретшілер одағы ұсынған. Қайрамбаев Жұмақын – суретші. “Абылайхан” кескіндемесі. Қазақ­стан Республикасы Сурет­шілер одағы ұсынған. Комиссия бұл шығармаларды ашық талқылауға шығармашылық және қоғамдық ұйымдарды, мәде­ниет ұжымдарын, осы саланың мамандарын шақырады. Пікірлеріңізді осы жылдың 10 қыркүйегіне дейін мына мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймыз: 010000, Астана қаласы, Министр­ліктер үйі, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет министр-лігінің Мәдениет комитеті. Тел.: 8 (7172) 740475, факс 740518.