Құқық • 22 Қаңтар, 2024

Мал ұрлығына қатысты жаза қатаңдатылды

249 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қорадағы мал – ауыл халқының негізгі табыс көзі. Осыған орай мал ұрлығы ауылдық жерде­гі ре­зонансты қылмыс түрлерінің бірі болып қа­лып отыр. Ол жалпы қылмыстардың 3 пайызын құраса да, қа­рапайым халыққа айтарлықтай зиянын тигізіп келеді.

Мал ұрлығына қатысты жаза қатаңдатылды

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

ІІМ Криминалдық полиция департаменті басқарма басшысының орынбасары, полиция полковнигі Жандос Батырбековтің айтуынша, әдет­те мал ұрлығының басым бөлігі, яғни 75 пайызы жайы­лымдарда қараусыз жүрген жерінен қолды болады екен.

Қылмыстың осы түрі­мен күресу мақсатында Іш­кі істер министрлігі мемле­кеттік органдармен бірлесе отырып, заңнамалық және прак­тикалық шаралар қабылдап келеді. Соның арқасында кейін­гі 5 жылдың ішінде мал ұр­лығын 62,5 пайызға төмендетуге қол жеткізілсе, оның ішінде 2023 жылы 16,3 пайызға азайған.

Атап айтқанда, ІІМ бас­тамасымен жергілікті атқа­рушы органдар әр аймақтың ерекшелігін есепке ала отырып, малды жаю ережелерін бекіткен. Бұ­дан былай төрт түлікті жайы­лым­ға қараусыз жіберуге тыйым са­лынады. Әкімшілік құ­қық бұзу­шылық­тар туралы ко­декс­тің 408-бабына сәйкес бұл ереже­лерді бұзғандарға қатысты жауап­кершілік қарастырылған, яғни 3-тен 10 айлық есептік көр­сет­кіш көлемінде айыппұл салынбақ.

Кейінгі уақытта мал ұр­лы­ғына қатысты жаза Қылмыс­тық кодекстегі «Мал ұрлығы» атты дербес бап бойынша қа­рас­тырылып келеді. Оның жауапкершілігі мүлкін тәр­кілей отырып 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Сонымен қатар бір­­неше қайтара ұрлық жасау үшін жаза қатаңдатылып, қо­ра-жайдан мал ұрлау ауыр қыл­мыстар қатарына енгізілді.

Ж.Батырбековтің сөзінше, мал ұрлығына қарсы күресте Ішкі істер министрлігі Ауыл шаруашылығы ми­нистр­лігімен тығыз байланыс­та және өзара іс-қимыл­дар­ды үйлестіру бойынша бұй­рық шығарылған. Ветери­нариялық бақылау және жергілікті атқарушы орган­дардың қызметкерлері қаты­сатын кешенді жедел-профи­лактикалық іс-шараларды тұрақты өткізу қолға алынған. Осыған орай өткен жылы респуб­лика аумағында «Мал ұрлығы» жедел-профилак­тикалық іс-шарасы 4 рет ұйым­дастырылып, оның 2-еуі қысқы соғым уақы­тына орайластырылыпты.

– Осы іс-шараларды өткі­зу кезінде мал ұрлығына қатысы бар 450 адам, 75 қыл­мыстық топ ұсталды. Ұрлан­ған 8,5 мыңнан астам малдың 4,5 мыңы табылып, иелеріне қайтарылды, – дейді ІІМ өкілі. Оның айтуынша, қылмыстық топтармен кү­ресу үшін аймақтарда жедел-іздестіру топтары тұ­рақ­ты түрде жұмыс істей­ді. Олар мал базарларын, оларды сою орындарын тексеріп отырады. «Осындай шаралардың арқасында биылғы жылдың өзінде 376 мал ұрлаушы ұсталып, 59 қылмыстық топ­тың жолы кесілді. Мәселен, Алматы облыстық ПД төрт адамнан құралған қылмыстық топты құрықтады. Олар өт­кен жылдың қыркүйек айынан бері қараусыз жайылып жүрген 30 бас жылқы ұрлаған. Ол үшін қылмыскерлер алдын ала жүк көліктерін жалға алып, даладан малды алып кетіп отырған, – дейді Ж.Батырбеков.

Полиция қызметкерлері ауыл халқының күнкөрісін қамтамасыз етіп отырған малдан айырылып қалмау үшін сақтық шараларына немқұрайды қарамауға шақырады. Ол үшін малды қараусыз қалдырмау мақ­сатында үшжақты келісімге отыру (иесі-әкімдік-малшы арасында), асыл тұқымды малды бақылап отыру үшін GPS-трекерлерді, малдарды міндетті түрде таңбалау қажеттігін айтады. Бұның бәрі ұрланған немесе жоға­ған малды оңай тауып алуға  септігін тигізеді.