Теннис • 23 Қаңтар, 2024

Жерлестеріміз жүлдеден үмітті

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аустралия ашық чемпионатында жас­өспірімдер арасында жерлесіміз Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты.

Жерлестеріміз жүлдеден үмітті

Бастапқы кездесуінде жарыстың бірінші ракеткасы, италиялық Федерико Чинаны ұтып, сенсация жасаған 16 жасар теннисші екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен шеберлік байқасты. Бірінші партияда ұлыбританиялық 6:3 есебімен басымдық танытты. Екінші сетте тай-брейкте Әмір сәтті ойнады – 7:6 (8:6). Шешуші, үшін­ші партияда Ә.Омарханов матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:3. Тартысты матч 2 са­ғат 13 минутқа созылды. Қарағанды теннис мек­тебінің түлегі ширек финалға шығу үшін доданың 14-ракеткасы, оңтүстіккореялық Хён Киммен таласады.

Қыздар арасында 17 жасар Асылжан Арыс­танбекова аустралиялық Талья Коки­нис­ке жол беріп, алғашқы айналымнан аса алмады.

Есесіне Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова жұптық сында доданы же­ңіспен бастады. Ә.Омарханов оңтүстік­кореялық Чанджун Киммен бірге екінші ай­налымға шықты. Олар бастапқы кездесуінде испаниялық Изан Валентине/нидерландтық Тейс Богардты қапы қалдырды – 6:3, 7:5.

Омарханов пен Ким бір-бірін жақсы біледі. Енді екі теннисші жекелей сында үшінші айналымда өзара бір-бірімен кездеседі. Осыған дейін екеуі бір рет шеберлік байқасып, онда Әмір жеңген еді. Ал Асылжан Арыстанбекова бело­руссиялық Юлия Перепихинамен бірге аустралиялықтар Рени Алэйм/Алана Сиба­сичті 6:1, 6:3 есебімен ұтып, екінші айналымға өтті.