Футбол • 23 Қаңтар, 2024

Камара «Астанада» ойнайды

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» футбол клубы гвинеялық жар­тылай қорғаушы Усман Камараны қатарға қосты. Келісімшарт алдағы үш жыл мерзімге жасалды. Бұл жөнінде ко­манданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Камара «Астанада» ойнайды

ФОТО: kazfootball.kz

Усман Камара 1998 жылы 28 желтоқсанда Гвинея астанасы Конакри қаласында дүниеге келген. Футболдың «әліппесін» өз елінің «Атуга» клубында үйренсе, мансабын Шве­цияның «АФК Эскильстуна» клубында бастады. Одан кейінгі жылдарда Норвегияның «Волеренга», Грузияның «Дила» клубтарында доп тепті. 2022-2023 жылдарда Грузияның «Динамо» (Тбилиси) клубының намысын қорғап, 26 гол соғып, 19 нәтижелі пас берді. Командамен бірге ел чемпионы және Грузия суперкубогінің жеңімпазы атанды.