Қоғам • 23 Қаңтар, 2024

Мемлекеттік қызмет: Орнықты шешімдер мен өзгерістер

123 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2023 жылдың жұмыс қорытындысы және биылға белгіленген міндеттерді талқылауға арналған алқа отырысы өтті. Жиында агенттік төрағасы Дархан Жазықбай былтыр қолға алынған барлық бастама Мемлекет басшысының мемлекеттік аппараттың сервистік моделін қалыптастыру міндеттерін жүзеге асыруға бағытталғанын мәлімдеді. 

Мемлекеттік қызмет: Орнықты шешімдер мен өзгерістер

Өткен жылы агенттік мемле­кеттік қызметке іріктеуді то­лық цифрландыру арқылы «е-Qyzmet» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізді. «Мемлекеттік қызметке іріктеу­дің жаңа алгоритмі 6 мемлекеттік органда сынақтан өтті. Жаңа іріктеу алгоритмі әзірленіп, он­да конкурстық рәсімді өткізу фор­маты қайта қаралды. Бұл қа­дам үміткерлерге алдын ала бел­гіленген уақытта өтетін әңгіме­лесуден басқа барлық кезеңде, кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен конкурсқа қатысуға мүмкіндік берді», дейді Д.Жазықбай.

Мемлекеттік органдарда өт­кізіл­ген мыңнан астам конкурсқа 5 815 үміт­­кер қатысып, оның 652-сі өтті. Он­лайн жүйе бойынша бір орынға қаты­­сушылардың үлес көрсеткіші 4,6 адамды құ­рап, қолданыстағы (1,7 адам) іріктеу тәртібімен салыс­тыр­­ғанда қатысушылардың саны 2,7 есеге артты. Бұл азамат­тар­дың жаңа жоба аясында мем­лекеттік қызметке деген қы­зығушылығы артқанын көрсе­тіп отыр. Биыл жаңа іріктеу жүйесін кезең-кезеңмен барлық мемлекеттік органға енгізу жос­парланып отыр.

«е-Qyzmet» жүйесі маңызды ақпарат­тық жүйелермен интеграцияланып, өзге ақпараттық жүйелерден үміткер туралы ақпарат алу, оның соттылығын немесе өзге заң бұзушылықтарға қатысы бар-жоғын тексеру, бі­ліктілік талаптарына сай ке­луін қарау үрдістері автоматтан­ды­рылды. Бұл мемлекеттік қыз­метке үміткерлерді артық құжат жинаудан босатты.

Мемлекет басшысы 2022 жылғы «Әділетті мемлекет. Бір­тұтас ұлт. Бе­рекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекеттік қызмет істері агент­тігіне толыққанды стратегиялық HR институтына айналу міндетін қойған болатын. Агенттік осы бағытта тиісті дайындық жұ­мыс­тарын жүргізіп, өткен жылы Президент жанындағы Мем­лекеттік басқару академиясы ішінен Адами ресурстарды бас­қару институты құрылды. Бұл мекеме құзыреттілікті бағалау, HR-аналитика, талант менедж­мент, тестілеу, ақпараттық жүйе­ні сүйе­мелдеу тәрізді бес бағыт бойынша жұ­мыс атқармақ.

Мемлекет басшысының «Мем­лекеттік аппараттың қыз­ме­тін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен агенттікке мониторинг және талдау жүргізу бойынша функция жүктелгені мәлім. Өткен жылы сауда және интеграция, қаржы, халықаралық қатынастар, ауыл шаруашылығы, экология және табиғи ресурстар сынды 5 салалық бағыт бойынша талдау жүргізілді. Мониторинг қорытындысына сәйкес адам қажеттілігіне және сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға, сондай-ақ бюрократиялық кедергілер­ді азайтуға бағытталған ұсыныстар әзір­ленді.

«Оның ішінде мемлекет­тің қатысуы тиімсіз, квазимемлекеттік секторды қоса алғанда, 200-ден астам ұйым­­ды тарату және қайта ұйым­дас­­тыру немесе олардың функ­цияла­рын бәсекелестік ортаға беру, жергілікті атқарушы ор­ган­­дардың 70-тен астам функция­сын төменгі деңгейге түсіру арқылы оңтай­ландыру, 100-ге жуық қызмет алу ке­зінде төленетін мемлекеттік бажды және мемлекеттік органдар салатын бір­қа­тар айыппұл түрін алып тас­тау, мемлекеттік қызметтердің 50 түрі бойын­­ша ақпараттық жүйелерді интеграция­лау мүмкіндігін қарастыру сынды ұсы­ныстар бар», дейді Д.Жазықбай.

Оның айтуынша, мемлекеттік ор­ган­дармен бірлескен жұмыс­тың нәти­жесінде мемлекеттік ап­паратты бюрократиядан арыл­­ту бойынша 550-ден астам кейс дайындалған. Бұл кейс­тер ұсы­ныс ретінде Үкіметке ен­гі­зіл­ді. Олар­дың 152-сін іске асы­ру үшін заң­намалық деңгейде шешімдер қабыл­дауды қажет етеді.

«Мәселен, осындай заңнама­лық бастамалар облыстық және аудандық маңызы бар қалалар­дағы жер комиссиясы институ­тын қысқартуға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде қызмет беру­шілердің жауапкершілігін арттыруға және қызмет көрсету үрдістері мен мер­зімдерінің қысқаруына әсер етеді», деді агенттік төрағасы. Биыл агент­тік әкімшілік кедергілерді және бюро­кратиялық әуре-сарсаңның жойылуын қамтамасыз ететін заң жобасын әзірлеуді жоспарлап отыр.

Агенттік өткен жылы мемле­кет­тік қызмет көрсету сапасын бақылау саласында 498 тексеру жүргізіп, 66 мың заң бұзу­шылықты анықтады. Нәти­жесінде, 898 лауазымды тұлға – тәртіптік, 365-сі әкімшілік жауап­кершілікке тартылды.

Қызмет алушылардың құқық­та­рын проактивті түрде, олар­дың шағымдарын күтпей-ақ, қашықтан мониторинг жүр­гізу тиімділігін көрсетіп отыр. Бұ­зу­­шылықтар анықталған жағдайда заң­дылықты қалпына келтіру және қыз­мет алушылардың құ­қықтарының бұ­зы­луына жол бермеу бойынша шара­лар қа­был­данады. Мониторингілеу нәти­жесінде, өңірлерде ақпа­раттық жүйе арқылы 11 мыңнан астам заң бұзушылық анықталып, 360 азаматтың құқықтары қал­пына келтірілді.

Мемлекеттік қызмет көрсе­ту үрдіс­терін жетілдіру мақса­тында жүйелі тал­дау жүргізі­ліп келеді. Нәтижесінде, «электрон­дық үкімет» порталында жұ­мыс істемей тұрған 40 мемлекеттік қызмет анықталды. Қазіргі уа­қытта олар­дың 14-і іске қосыл­ды, қалған 26-сын іске қосу жұ­мыстары жүргізіліп жатыр.

Өткен жылы агенттік мемле­кет­тік қызметшілердің Әдеп кодексіне түсін­дірмелер әзірледі. Олар кодекстің нормаларын тәжірибеде қолдану барысында дұрыс түсінуге бағытталған.

Жалпы, былтыр әдеп жөнін­дегі кеңестердің 195 отырысы өтіп, 1 300-ден астам өтініш қа­ралыпты. Агенттіктің үйлесті­руі­мен өңірлерде әдеп жөніндегі уә­кілдер тарапынан ауқымды түсіндірме жұмысы жүргізіліп, 26 мыңнан астам азамат пен мем­лекеттік қызметшіге же­ке кон­сультативтік көмек көрсетілді.

Айта кету керек, 2023 жылы агенттік тарапынан 396 тексеру жүргізіліп, 13 мыңнан астам бұзушылық анықталған. Тексеріс қорытындысы бойынша заңсыз актілердің күшін жою туралы 345 ұсыным және ұйғарым енгізіліп, олардың 97,9%-ы толығымен орындалды. Бақылау шараларының нәтижесі бойынша қабылданған шешімдердің арқасында 191 азаматтың құқығы қорғалды.