Теннис • 24 Қаңтар, 2024

Тағы да жеңіске жетті

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 жастағы Асылжан Арыстанбекова жұптық сында жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шықты.

Тағы да жеңіске жетті

ФОТО: sport-pulse.kz

Теннисшіміз белоруссиялық Юлия Пере­пихинамен бірге жапониялық Хаю Киносита мен Вакана Сонобеге қарсы кортқа шықты.

Алғашқы партияда қазақстандық-белорус­сиялық дуэт алға шықты – 6:4. Екінші кезеңде жапониялық жұп есе қайырды – 6:2. Супер тай-брейкте Арыстанбекова/Перепихина жеңісті жұлып алды – 10:7.

Асылжан Арыстанбекова/Юлия Пере­пихина жартылай финалға шығу үшін жа­рыстың 2-ракеткалары – ұлыбританиялық Ханна Клагмен және Мингге Сюймен шебер­лік байқасады.

Тағы бір жерлесіміз Әмір Омарханов оң­түстіккореялық Чанджун Киммен бірге екінші айналымда тартысты матчта америкалық Кайлан Бигун мен Яггер Личқа жол берді – 4:6, 6:1, 3:10.