Спорт • 24 Қаңтар, 2024

Әлем кубогі кезеңіне қатысады

47 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нысана көздеуден еліміздің мергендері 24 қаңтар 1 ақпан аралығында Мысыр астанасы Каирде өтетін Әлем кубогі кезеңіне қатысады.

Әлем кубогі кезеңіне қатысады

ФОТО: olympic.kz

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған додада әлемнің 66 елінен келген 625 спортшы бақ сынайды. Олардың қатарында жерлестеріміз де бар. Каирде Қазақстан намысын 15 спортшы қорғайды. Олар: Винтовка: Константин Малиновский, Никита Шахторин, Юрий Юрков, Елизавета Безрукова, Арина Алтухова, Александра Ле;

Тапанша: Эльдар Иманқұлов, Валерий Рахимжан, Кирилл Цуканов, Ирина Юнус­метова, Валерия Попелова, Малика Сейл, Никита Чирюкин, Руслан Юнусметов, Арте­мий Кабаков.

Бүгінгі таңда нысана көздеуден Қазақстан құра­масы Париж олимпиадасының 5 лицензиясына иелік етіп үлгерді.

Айта кетейік, 2023 жылы Әлем кубогінің 11 кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақ­стан 6 алтын, 7 күміс, 5 қола иеленген.