Басылым • 23 Қаңтар, 2024

«Адасқан ұрпақ» – саха тілінде

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлібек Асқаров – бүгінгі қазақ әдебиетінің абыройлы тұлғасы, қара сөздің хас шебері. Жазушының шындыққа суарылған, көркем тілмен кестеленген, шуақты юморға толы шығармалары оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленіп жүргеніне көптеген жылдың жүзі болды. Кезінде Серік Қирабаев сынды ғалым-сыншының, Шерхан Мұртазадай сирек суреткердің биік бағасын алған «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді» романының он рет басылуы – осы ойдың даусыз дәлелі.

«Адасқан ұрпақ» – саха тілінде

Қаламгер кітаптары өзге тілдерге де аударылып, ұлттық сөз өнерінің мерейін тасыта түсуде. Жақында  алыстағы Яку­тиядан жағымды жаңалық жет­ті: Әлібек Асқаровтың «Адас­қан ұрпақ» повесі саха тілін­де («Сарбыллыбыт таптал») жа­рық көрді. Елдің  «Айар» атты белді баспасы­нан шыққан бұл кітапты танымал қаламгер Валерий Луков­цев аударған. Қазақ жазу­шысын «белгілі суреткер» («Биллиилээх суруйааччы») деп бағалаған баспа­ның  аңдатпа сөзінде былай делінген:

«Повесте жас жігіттің жа­ңа басталған тағдырындағы ­қы­­з­ықты жайлар, орын­дал­ма­ған арман-үміттері мен қа­мығу-қиналыстары, өмірдегі ор­нын іздеуі бас кейіпкер аты­­нан әсерлі әңгімеленеді. Ол бастан кешетін тартыс­ты да қауіп-қатерлі оқиға­лар шын­­шылдықпен әрі нәзік юмор­мен баян етіледі. Кітап қалың оқырман қауымға ар-­
налған».

Көркем де ойлы безен­дірілген кітаптың таралымы – 1500 дана. Сахалардың саны жарты миллионға да толмайтынын ескерсек, бұл қомақты таралым екенін бағамдаймыз. Салыстыру үшін қазағының қатары 14 миллионға жуық­таған Қазақстанда кітаптардың орташа 2-3 мың дана болып басылып жүргенін айта кетудің артығы жоқ.