Фото: Jonathan Ernst / Reuters
Дональд Трамптың айтуынша, Вашингтон мен Нью-Дели саудаға қатысты келіспеушіліктерді реттеп, жаңа келісімге келген. Келісім аясында АҚШ Үндістан тауарларына салынатын кедендік баж салығын 25 пайыздан 18 пайызға дейін төмендеткен.
АҚШ Иранға ескерту жасады: Трамптың ядролық мәмілесі орындала ма?
Сондай-ақ ол Үндістан энергия ресурстарын АҚШ пен Венесуэладан импорттауға көшетінін айтты. Оның пікірінше, бұл Украинадағы соғыстың аяқталуына ықпал етуі мүмкін.
Трамп Иранмен кәсіп жүргізетін барлық елге 25 пайыздық баж салығын енгізді
Үндістан тарапы америкалық тауарларға қатысты барлық тарифтік және тарифтік емес кедергілерді жоюды және АҚШ-тан 500 миллиард доллардан астам сомаға өнім сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл қатарға энергия тасымалдаушылары, технологиялар және ауыл шаруашылығы өнімдері кіреді.
Осы ретте Трамп Үндістанның Ираннан мұнай импорттаудан бас тартқанын да атап өтті.