Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик Ақылбек Күрішбаев бұл лауазымға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 22 қаңтардағы өкімімен тағайындалды.
Руслан Желдібай Ұлттық ғылым академиясының бұрынғы президенті Күнсұлу Закарияға атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, Мемлекет басшысының Ғылым және инновациялар жөніндегі кеңесшісі лауазымындағы қызметіне табыс тіледі.
Ұлттық Ғылым академиясының активі, ғылыми ұйымдардың басшылары мен академиктер қатысқан жиында Қазақстан ғылымының алдында тұрған міндеттер, ғылымның қолданбалы сипатын күшейту және ел экономикасына ғылыми әзірлемелерді енгізу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар ғалымдар Ғылым академиясының негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысты ұсыныстарын жеткізді.