Пікір • 24 Қаңтар, 2024

Толғандырған сауалдың жауабы

181 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Президент «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында Парламенттік жүйені реформалау, Қаңтар қасіреті, Қазақстанның Ресеймен, Қытаймен қарым-қатынасы, қазіргі таңда қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселелерге кеңінен тоқталған.

Толғандырған сауалдың жауабы

Өткен жылы мемлеке­ті­міз­дің саясаты, Парламенттің жұмысы саяси реформаларға бағыт­тал­ды. Экономикаға, биз­нес­ті дамытуға, адам­дар­дың табысын арттыруға заңдық негіз­де­мелер жасалды. Парламент 90-нан астам заң қабылдады, оның басым бөлігі экономикамызды, кәсіпкерлікті да­мы­­туға, халықтың әл-ауқа­тын арт­­тыруға бағыт­тал­ды. Пре­зи­­дент­тің сұхбатта айт­қан бәсе­ке­лі экономика жүйесін құру, экономиканы әртарап­тан­дыру және монополиядан арылту, инфрақұрылымды жаң­ғырту, бизнесті қолдау, ин­вестиция тарту, 2029 жылға қарай ішкі жалпы өнімді қа­зіргіден екі есе­ге арттыру жұ­мыс­тары сәт­ті жүзеге асырылатынына се­­нім мол.

Мемлекеттің басты мінде­ті­нің бірі – заңның мүлтіксіз орын­­далуын, тәртіптің қатаң сақ­талуын толық қамтамасыз ету. Сон­дықтан заң бұзған кез келген адам жауапқа тартылады. Ал заң мен тәр­тіп­ті сақтау мәсе­ле­сіне аза­маттардың идео­ло­­гиялық ұста­ны­мы мен саяси көзқара­сы­ның еш қатысы жоқ. Заң бәріне ортақ.

Елімізде биліктің іс-әре­ке­тіне жария түрде келіс­пеу­шілік білдіруге толық мүм­кін­дік бар. Азаматтар өзін тол­­­ғандыратын мәселе туралы ашық айта алады. Еліміз­де бейбіт жиналыстарды рет­тейтін демократиялық сипат­та­ғы заң бар. Жақында петицияларды тапсыру және қа­рау тәртібін реттейтін заң қабылданды. Бейбіт шеруге тыйым салынбайды, ал жаппай тәртіпсіздіктің кез келген түріне қатаң тосқауыл қо­йылады. Елі­мізде заң мен тәртіп қана үс­тем­дік құруға тиіс.

Ішкі істер органдарында әйелдерді зорлық-зомбы­лық­тан қорғаумен шұғыл­да­натын мамандардың штаты қалпына келтіріліп, олардың құзыреті күшейтілді. Енді отбасындағы тұрмыстық құқық бұзушылық қылмыстарға қатысты іс қозғау үшін зорлық-зомбылықтан жапа шеккен адамның арызы қажет емес. Жәбірленуші қайта-қайта қысымға ұшыра­ма­уы үшін бұдан былай мұндай іске қатысты тараптарға екінші рет татуласу мүмкіндігі беріл­мей­ді.

Қазір Үкіметтің өнімді жұ­мыс істеуі үшін мүм­кін­діктері жеткілікті. Атқару­шы би­лікке жан-жақты ойласты­рыл­ған іс-қимыл стратегиясы және өз міндетін тиімді жүзеге асыруға деген ынта-жігер ғана қажет. Дер­бестікке және қосымша өкі­леттікке ие болуға ұмтылған Үкімет қала­ға­нын алды. Бірақ «алмақ­тың да салмағы бар», оларға қойылатын талап та кү­шей­ді. Үкімет мұны түсінуге тиіс.

Үкімет мемлекет пен биз­нес­тің қарым-қатынасын қай­та қарауға мүмкіндік бе­ре­тін жаңа Салық кодексін әзірлеп жатыр. Салық жүйе­сін жетілдіргенде, тек төлем жинау тәсілімен шек­теліп қалмау өте маңызды. Бір жа­ғы­нан, инвесторларға қо­лай­­лы жағдай жасау керек. Екін­ші жағынан, бюджет кірісінің азайып кетпеуіне мән берген жөн. Яғни таразы басын тең ұстау қажет. Жаңа Бюджет кодексі де – өте маңызды құжаттың бірі. Біз «қазына қаражатына» деген көзқарасымызды өзгертіп, оны тиімді, жөнімен әрі үнемдеп жұмсауға тиіспіз.

Барлық деңгейдегі шенеу­нік пен басшы қоғамның тамырын тап баса білуге, аза­мат­­тардың мұң-мұқтажын тың­­­дап-түсінуге, соған сәйкес дер кезінде нәтижелі шаралар қабылдауға және дұрыс шешім шығаруға қабілетті болуы керек. Бұл – ең басты талап. Олар «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағидатты берік ұстануға тиіс.

Мемлекет басшысы бас­таған осындай еркін әрі ашық сұх­баттардың көп болғаны дұ­рыс. Үкімет басшысы, күш­тік құрылымдар, министрлер, об­лыс әкімдері әрбір атқа­рыл­ған жұмыстарға осылай есеп беруі қажет. Білетінім, халық осындай ашық әңгімеге, әрбір қа­был­данған шешімді түсін­діру ба­ғы­тындағы ақпа­рат­қа зәру.

 

Әділ ЖҰБАНОВ,

Мәжіліс депутаты