Теннис • 29 Қаңтар, 2024

Талассыз чемпион!

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігінің әйелдер арасындағы сайысы бела­русь Арина Соболенконың жеңі­сімен аяқталды.

Талассыз чемпион!

Алғашқы айналымдарда германиялық Элла Зайдер, чехиялық Бренда Фрухвиртова, украиналық Леся Цуренко және америкалық Аманда Анисимовадан айласын асырған ол ширек финалда Чехияның тағы бір өкілі Барбара Крейчикованы қапы қалдырды. Жартылай финалда АҚШ-тың мықтысы Кори Гауффты жеңген Соболенко ақтық айқаста қытайлық Чжэн Циньвэньмен шеберлік байқасты. 1 сағат 16 минутқа созылған бәсеке 6:3, 6:2 есебімен аяқталды. Осылайша, Беларусьтің беткеұстары Аустралияның ашық біріншілігін қатарынан екі рет ұтты. Былтыр ол финалда біздің Елена Рыбакинаны еңсерген еді.

Бір ғажабы, биылғы турнир барысында Арина Соболенко қарсыластарына бірде-бір сетте есе жіберген жоқ.