Қоғам • 29 Қаңтар, 2024

«Несиесін төлеген». Зейнеткерді алдап, қомақты қаржысын жымқырған алаяқ ұсталды

685 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының полицейлері алаяқтың құрбанына айналған жәбірленушіге 550 мың теңге мен 5 мың АҚШ долларын қайтарып берді, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Несиесін төлеген». Зейнеткерді алдап, қомақты қаржысын жымқырған алаяқ ұсталды

Фото: polisia.kz

«Қарағанды облысы, Саран қалалық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында алаяқтықпен айналысқан 19 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны ұсталды.

Белгілі болғандай, 73 жастағы зейнеткер әйелге белгісіз біреулер қоңырау соғып, немересі жол-көлік оқиғасын жасағанын, ол жерде жаяу жүргінші ауыр жарақат алғанын айтқан. Ал жол-көлік оқиғасын жасаған кінәлі адам қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтып, оны шешу үшін 9 миллион ақша сұраған. Зейнеткер, бұл хабарласқан адамға қолында бар 700 мың теңге және 5 мың АҚШ долларын берген. Кейін, өзінің алаяқтың құрбаны болғанын сезген соң, полицияға арызданған. Тәртіп сақшылары күдіктіден зейнеткер берген ақшаны яғни 550 мың теңге және 5 мың АҚШ долларын айғақ зат ретінде тәркіледі. 150 мың теңгемен күдікті өзінің несиесін жауып үлгерген», делінген ақпаратта.

Тергеу кезінде күдіктің дәл осындай тағы 5 қылмысқа қатысы бары анықталып, жәріленушілерге келтірген шығын мөлшері 6 миллион 600 мың теңге болған. Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин күдіктінің үстінен алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын мәлім етті.