Фото: видеоскрин. Атырау қаласының әкімдігі
«Атырау қаласының маңындағы Көкарна ауылының тұсында Жайық өзенінің мұзы ойылып, жеңіл көлік түсіп кетті. Көліктегі жолаушыларды құтқару үшін жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушы, 1 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында 1992 жылғы жүргізуші көз жұмды. Ал 2006 жылғы жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Атырау қаласының әкімдігі мұз үстінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.