Спорт • 29 Қаңтар, 2024

Өскемендік жекпе-жек шеберлері

166 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облы­сының тұрғындары Бек­болат Сағиевтың отбасын «спортшылар жанұясы» деп атайды. Бекболат кү­рестен спорт шебері, ке­зінде республикалық, об­лыстық, халықаралық сайыстарда сан мәрте жеңіс тұ­ғырынан көрінген. Ал оның ұлы Жас­ұлан да – спорт­ты өзіне серік еткен, қоян-қолтық жекпе-жек шеберлерін баптап, түр­лі жарыста жүлде теріп жүр­ген саңлақ.

Өскемендік жекпе-жек шеберлері

Суретте: әкелі-балалы Са­ғиев­­тардың шәкірттері Қазақ елінің көк туын желбірете бермек

Жақында Бекболаттың ұлы Жасұлан хабарласты:

– Аға, өткен жылдың аяғы  мен осы жылдың басы біз үшін жемісті болды, – деді ол.

Былтыр 25 қарашада Қара­ғанды қаласында Номад ММА-дан Әлем кубогі өтті. Дү­бір­лі жа­рыста екі түлегіміз – Қыр­мы­зы Тоқтамыс пен Айару Құр­манбек алтыннан алқа тақты. Одан бір апта бұрын Қостанай қаласында жалауы желбіреген ММА Бирман боксынан ел чемпионатында Қырмызы Тоқ­тамыс, Аяжан Қабылхан, Ислам Қуанышұлы чемпион атанса, Мәди Алтынбек, Әмірәлі Бек­болат, Алан Оразбеков, Ай­ару Құрманбек күміспен күп­телді. Арада бір айдан соң Бахрейнде өткен Азия чемпиона­тында Қыр­мызы Тоқтамыс екінші орынға табан тіреді. Қар­жы­ның тапшылығынан жүлде алады деген бірнеше спортшымыз жарысқа бара алмады. Жақында ғана Өскеменде өткен понкратионнан өңір бі­ріншілігінде 11 шәкіртіміз алтыннан алқа тақса, бес түлегіміз екінші орынға ие болды. Енді олар республикалық жарысқа дайындалып жатыр.

Бірер айда осыншама жа­рысқа қатысып, жүлде терген Өскеменнің жекпе-жек шеберлері жеңіске жаттығулар мен ізде­ністің арқасында жеткендері бел­гілі. Қырмызы Тоқтамыс – әлем­нің үш дүркін чемпионы, Азия жеңімпазы. Ал Бекболаттың немересі Әмірәлі осы спортта та­ма­ша жетістіктерге жетті. Об­лыс­тың бірнеше дүркін чемпио­ны, Ре­сейдің Екатеринбург қала­сында жалауы желбіреген аралас жекпе-жек жарысынан екінші орынмен оралды.

Әкелі-балалы Бекболат пен Жандос Сағиевтардың шә­кірт­тері әлі талай биік белесті ба­ғын­дыратындары сөзсіз. Қар­жы тапшылығына қарамастан алыс елдерге сапар шегіп, өздерінің шеберлігін күн сайын шыңдап жүрген өскемендік өрендерге сәттілік серік болсын дегіміз ке­леді.

 

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

журналист

 

ӨСКЕМЕН