Өнер • 30 Қаңтар, 2024

Асқазанымдағы ауруды байқамай қалыппын: Ақын Айшолпанға екі ота жасалды

2041 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал айтыскер ақын Айшолпан Тілеутайға Стамбұл қаласында ота жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асқазанымдағы ауруды байқамай қалыппын: Ақын Айшолпанға екі ота жасалды

Өнер иесі асқазаны сыр беріп, екі рет ота жасалғанын бейнежазба арқылы жария етті.

- Ел арықта деп келемеждеп, мысқылдап сыртымнан күліп жүргенде асқазанымда ауру барын да байқамай қалыппын. Артық салмақтың шешімін табамыз, алдын аламыз Стамбулға кел деп шақырған аға-әпкелеріме рақмет! Жалпы асқазаныма 2 ота жасалды.Қазіргі таңда жағдайым жақсы. Жеке парақшама алты сағат уақыт ішінде 1700-дей пікір жазылыпты. Барлығы саулығымды тілеген, демеу берген, қайрат беріп, Алладан рахым сұрап, дұға жасаған ақ тілектер екен. Кәдімгідей қуанып, қуаттанып қалдым. “Жақсы сөз – жарым ырыс” дегенді шын сезіндім. Қазақ елім, сіздерді жақсы көремін, – деп сәлем жолдады айтыскер ақын.

Сондай-ақ ол сыртқы дене бітіміне байланысты көп негатив пікір жазатындарға ренжіп қалатынын жасырмады.

- Абайлап сөйле сөзіңе,
Дұшпанның бірі тіл деген.
Өзіңе жеңіл болғанмен,
Өзгеге ауыр зіл деген…., – деп Абай атамыз дәл айтқан. Менің сыртқы келбетіме тиісетіндер аз емес. “Қабақ болып кеткенсің”, “Пілге ұқсап қалдың”, “Бетіңді май басып кетіпті” деп пікір жазатындар көп. Соңғы 3-4 жылда салмағым күннен күнге өсіп кетті. Ол асқазанымдағы кінәратқа байланысты екен. Екі отаның бірі асқазандағы “грыжаны” алды, екіншісі көлемін кішірейтті. Диета ұстап, денсаулықты күтемін, – дейді Айшолпан.