Фото: olympic.kz
Ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов рейтингтік ұпай берілетін додаға балуандар тас-түйін әзір екенін айтты. Olympic.kz сайтына берген сұхбатында бас бапкер әлем чемпионы, жазғы Олимпиада ойындарының күміс, қола жүлдегері Елдос Сметов Париждегі додаға жеке-дара әзірлік жүргізгенін мәлім етті.
Н.Сүлейменов Елдос Сметовке ерекше көңіл бөлініп, жеке бапкерімен бірге жаттығу өткізу үшін Ресейге барғанын айтты. Ұлттық құрама мүшелерімен бірге де соңғы жаттығу жиынын өткізген.
Париж жазғы Олимпиадасына жолдама рейтингтегі көрсеткішке қарай беріледі. Сондықтан да балуандар ұпай жинау үшін барын салатыны ақиқат. Парижде өтетін Grand Slam турнирінде әлемнің таңдаулы спортшылары белдесуге түседі.