Спорт • 30 Қаңтар, 2024

Балуандар белдесуге түседі

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күрес түрлерінен биылғы Қазақстан  чемпионаты Астана қаласында өтеді. 1-5 ақпан аралығында өрбитін ішкі біріншілікке ұлттық құрамаға мүше балуандардың басым көпшілігі қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балуандар белдесуге түседі

Фото: olympic.kz

Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Мельниченко бұл додадан тек Нұрсұлтан Тұрсынов қана сырт қалғанын айтты. Ол Париж жазғы Олимпиадасына жолдама олжалағандықтан  жеке жаттығу жұмысын жүргізіп жатыр.

Біріншілікте чемпион атанған балуандар Азия аймағы бойынша Қырғызстанда өтетін лицензиялық турнирге қатысады. Одан жолдама бұйырмаса, әлемдік іріктеу додасында Париж Олимпиадасының жолдамасы үшін күреске түседі. 

Қазақстан чемпионаты Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.