фото: gov.kz
30 қаңтарда Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, Қызылорда облысы прокуратурасының жаңа басшысы болып мемлекеттік әділет кеңесшісі Ризабек Ожаров тағайындалды.
Ризабек Ожаров 1972 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
1996 жылдан 2017 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша департаменттерінде қызмет еткен (тергеу басқармасының бастығы, орталық аппараттың бөлім бастығының орынбасары қызметтерін атқарған).
2017-2018 жылдары Бас прокуратураның Арнайы прокурор қызметі бастығының орынбасары, 2019 жылы аз ғана уақыт Алматы облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарған. 2019 жылдың сәуір айынан бастап Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеу қызметін басқарды.