Аймақтар • 30 Қаңтар, 2024

Тоқтату үшін оқ ату керек болды

3769 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай  облысында полицейлер мас жүргізушіні тоқтату үшін табельдік қару қолданды, деп хабарлайды Egemen.kz Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқтату үшін оқ ату керек болды

Фото: ҚР Ішкі істер министрлігі

Нақты айтқанда, 28 қаңтарда түнде Семей қаласының маңындағы Ново-Баженово ауылында патрульдік рота инспекторлары жол талғамайтын көлікті бірден байқаған. Себебі, оның жүргізушісі тәртіп сақшыларын көргенде жылдамдықты арттырғаны күдік туғызады.

Өйткені, күмәнді жүргізуші полицейлердің заңды талаптарына бағынбай, елді мекенмен қашып, төтенше жағдай туғызған. Күдікті жүргізушіні ұстау үшін полицейлер ауаға ескерту оқ атып, содан кейін машинаның дөңгелектерін де қолданыстан шығаруға тура келген.

Тексере келе,  тоқтатылған «Mitsubishi Pajero» жүргізушісі  «орташа» есірткілік және алкгольдік мас күйінде эүргені анықталды. 

Осы уақытта апат тудырған көлік айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізуші полиция қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талаптарын орындамағаны үшін, сондай-ақ көлік құралын есірткілік және алкогольдік мас күйінде басқарғаны үшін жауапқа тартылды.