Спорт • 31 Қаңтар, 2024

Сариев сенімді ақтамады

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте аралас жекпе-жектен Alash Pride FC 94 турнирі өтті. Осы ұйымның чемпиондық белбеуі үшін Руслан Сариев пен бразилиялық Ван­дерлей да Сильва Ферейра айқасты.

Сариев сенімді ақтамады

Фото: sport-pulse.kz

Жартылай жеңіл салмақта күш сынасып жүрген бұл спортшылардың екеуі де мықты. 27 жастағы Руслан Сариев осы күнге дейін 18 рет октагонға шығып, соның екеуінде ғана ұтылды. Бес бәсекеде айқын басымдық танытты. Жасы 30-ға таяп қалған Вандерлей да Сильва Ферейра 22 кездесудің 15-ін өз пайдасына шешті. Сегіз қарсыласын нокаутпен ұтты. Соңғы рет ол былтыр күзде Мәскеуде үйымдастырылған турнирде біздің Сәбит Жүсіповтен оңбай таяқ жеген еді. Сол себепті де жергілікті жанкүйерлер қандасымыздың жеңіске жететініне сенімді болды.

Бірақ бразилиялық файтер жауапты жекпе-жекке тыңғылықты даярланып келіпті. Бес раундқа есептелген айқас мерзімінен бұрын аяқталды. Бұл бәсекеде Ферейраның бағы жанып, Alash Pride промоушенінің алтын белбеуін өз еліне әкетті.