Саясат • 30 Қаңтар, 2024

«Жасыл» технологияны дамыту мәселелері

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат төрағасының орынбасары Ольга Перепечинаның төрағалық етуімен Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру мониторингі жөніндегі парламенттік комиссияны «ОДМ іске асыру шеңберінде Қазақстанда балама энергия көздерін және «жасыл» технологияларды дамыту» атты отырысына дайындық аясында жұмыс кездесуі өтті.

«Жасыл» технологияны дамыту мәселелері

Жиында Қазақ­стан Париж климат­тық келісімінің қатысушысы ретін­де неғұрлым әртарап­тандырылған және «жасыл» экономика қалыптастыруға арналған құрылымдық өзгерістерді бастағаны айтылды.

«Еліміздегі булану газдары шыға­рын­дысының төрттен үш бөлігін құрайтын энергетикалық жүйені терең декарбонизациялау Қазақстандағы трансформацияның негізі болып отыр. Энергетикалық секторды декар­бонизациялау бізге екі есе пайда әкелуі керек: көміртегі шығарындысын азайту мен климаттың өзгеру салдарын жұм­сарту және таза отынға көшу ар­қылы атмосфе­раны ластайтын заттар­дың шығарын­дысын азайту», деді Ольга Перепечина.

Сенаторлар іс-шара барысында сутегі энергетикасын дамытуға инвес­торларды тартуға жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті. Депутаттар жергілікті атқарушы органдар барлық қажетті инфрақұрылымды ескере отырып, жаңартылатын энергия көздерінің жобаларына арналған ықтимал жер учаскесін алдын ала белгілеуі тиіс деп санайды.

Экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Мансұр Ошур­баев «жасыл» технология саласын­дағы жұмыс туралы баяндады. Ол Қазақ­станда бірқатар заңнамалық құжат­ты қабылдау арқылы жасыл экономикаға көшу үшін ұйымдық-құқықтық негіздер жасалғанын хабарлады.

Кездесуде сондай-ақ «Экономика­лық зерттеулер институты» АҚ, «Qazaq Green» жаңартылатын энергия көздері қауымдастығының, Жас ғалымдар альянсының және Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының өкілдері баяндама жасады.