Өнер • 31 Қаңтар, 2024

«7 жылымның әрбір сәтіне ризамын»: Димаш Құдайберген тыңдармандарына алғыс айтты

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген күллі әлемдегі тыңдармандарына алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«7 жылымның әрбір сәтіне ризамын»: Димаш Құдайберген тыңдармандарына алғыс айтты

Фото: https://www.instagram.com/kudaibergenov.dimash/

Өнер иесінің жанкүйерлері өздерін «Dears» деп атап кеткен. 

«Құрметті достар, сүйікті Dears! Бүгін мен үшін өте маңызды күн. Себебі біз жетінші мерейтойымызды атап өткелі жатырмыз! Өздеріңіз білесіздер, 7 саны қазақ халқы үшін қасиетті сан. Сондықтан мен сіздермен бірге болған 7 жылымның әрбір сәтіне шексіз ризамын. Мен өзімнің шығармашылығымды сіздермен бөлісіп паш ете алатынымды және сіздермен бірге керемет естеліктер жасағанымды мақтан тұтамын. Қолдауларыңыз үшін мың алғыс! Әрқашан бақытты болыңыздар! Алдағы болатын концертімде кездескенше!», деп жазды әйгілі әнші. 

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандары сүйікті әншісіне ризашылыққа толы құттықтау тілектерін жаудырып жатыр.