Тағайындау • 31 Қаңтар, 2024

Бұрынғы мәдениет вице-министрі жаңа қызметке тағайындалды

1 мин
оқу үшін

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметіне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүдебаев Арман Әділханұлы тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.

Бұрынғы мәдениет вице-министрі жаңа қызметке тағайындалды

Фото: primeminister.kz

Арман Жүдебаев 1986 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған.

 

2006 жылы «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РМҚК-да аспаптар оркестрінің әртісі болып бастаған.

2009-2011 жылдары «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ дирижерлеу кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді.

2011-2013 жылдары «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ оқытушысы, аға оқытушысы болған.

2013-2018 жылдары «Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi» РММ бас дирижері қызметін атқарған.

2018-2023 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болды.

2023-2024 ж.ж 30 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің вице-министрі лауазымында қызмет атқарды.

Соңғы жаңалықтар

Сіз білесіз бе?..

Әдебиет • Бүгін, 09:56

Шәмілге арналған шумақтар

Әдебиет • Бүгін, 09:47

Жыр жанарындағы мөлдір тамшы

Әдебиет • Бүгін, 09:42

Түлектердің туған жерге тартуы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:40

Кіші Аралдың ауқымы ұлғайды ма?

Экология • Бүгін, 09:35

Бибісара көш бастап тұр

Шахмат • Бүгін, 09:31

Ақтоғай жарыққа жарымай отыр

Мәселе • Бүгін, 09:27

Арулар сайысы

Байқау • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:13