Ауа райы • 31 Қаңтар, 2024

«Қар жауып, бұрқасын болады»: Синоптиктер ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты

555 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2024 жылдың ақпан айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

«Қар жауып, бұрқасын болады»: Синоптиктер ақпанда ауа райы қандай болатынын айтты

Фото: azattyq-ruhy.kz

Мамандардың болжамына қарағанда, ақпан айында елдің басым бөлігінде ауаның орташа температурасы нормадан 1-2° градус жоғары, Шығыс Қазақстан облысында, Алматы және Жетісу облыстарының оңтүстік-шығыс жартысында, Түркістан, Жамбыл және Абай облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында нормаға жақын болады.

Ақпан айында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климат нормасына жуық болады деп болжанып отыр. Тек Атырауда, Қостанайдың солтүстік жартысында, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда ғана болжанды. Елдің солтүстік жартысында қар, оңтүстік-батысында және оңтүстік жартысында жаңбыр жауып, бұрқасын болуы ықтимал.

Болжамға сәйкес, елдің солтүстік жартысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейеді, бұрқасын болады.

Дәлірек айтқанда, ақпан айының бірінші онкүндігінде қар жауып, бұрқасын болады.

«Ақпан айының басында республиканың оңтүстік облыстарының таулы аймақтарында кей жерлерде қалың қар жауады. Тұрақсыз ауа райы тұманмен және желдің 15-28 м/с күшеюімен бірге жүреді. Ақпанның бірінші онкүндігінде батыста, онкүндіктің ортасында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы күндіз оң мәнге дейін көтеріледі деп болжанып отыр. Солтүстік жартысында –3+2°С-қа дейін, оңтүстік жартысында – +5+15°С-қа дейін», делінген хабарламада.