Аймақтар • 31 Қаңтар, 2024

«Қызылсай» табиғи паркінде арқар мен қарақұйрық саны 18 пайызға артты

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауда «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің негізгі міндеті — жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау және өсімін молайту. Қызылсай паркінің құрамына «Тасорпа»,  «Манашы», «Жабайұшқан», «Адамтас» мемлекеттік табиғи қаумалдары мен Қызылсай паркі кіреді. Қазіргі таңда парк қорғауындағы арқар, қарақұйрық басы 18% -ға көбейіп, аңдар мен құстар үшін даладағы 52 бұлақтың көзі ашылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қызылсай» табиғи паркінде арқар мен қарақұйрық саны 18 пайызға артты

Жүзге жуық адам еңбек ететін мекемеге 2023 жылы 6 жаңа  «Патриот Уаз» автокөлік берілді. Құрамында ғылыми, техникалық, қаржылық, өрт қауіпсіздігі бөлімдері бар нысанның жаңа техникамен толығуы табиғат, өсімдік, аң, құстарды қорғау, толықтыру, көбейту жұмыстарына күнделікті қажет.

«Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің басшысы М. Қаратауов ерекше қорғауға алынған арқар, қарақұйрықтың басы көбеюі мен бұлақтардың көзін ашуда мемлекеттік инспекторлардың тынымсыз еңбегінің үлесі зор екенін мәлімдеді.