Көрме • 31 Қаңтар, 2024

Суретшілер симпозиумы

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласында өткен суретшілер көрмесі Қазақ­станның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туға­нына 120 жыл, кескіндемеші, театр және кино сурет­шісі Гүлфайрус Ысмайылованың туғанына 95 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Суретшілер симпозиумы

Іс-шараны Абай атындағы мәдени-демалыс кешені және Қазақстан Суретшілер одағы Маңғыстау об­лыс­­тық филиа­лы ұйым­дастырды. Су­рет­шілер симпозиумына Ақ­тау қаласындағы Иран елінің бас консулы Ғоламреза Хашеми, Түркияның бас кон­сулы Сабри Алып­текин, Түрік­менстан консул­дығының атташесі Рахат Аннаназаров және Ақтау қалалық мәде­ниет, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Амантай Құмбаев қатысты.

Суретшілер симпозиу­мында 29 суретшінің туын­дылары көрсетілді. Іс-шара барысында қалалық мә­де­ниет, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Құмбаев симпозиум қатысушыларына алғысхат­­тар мен дипломдар табыс­тады.

«Қаңтар айының басында өңір суретшілері арасында симпозиум өткен болатын. Сол симпозиумның қо­­ры­тындысы ретінде су­рет­­шілер көрмесі ұйымдас­ты­рылды. Келесі сурет­ші­лер көрмесін нау­рыз айын­да өткізу жос­парланып отыр», деді Ақтау қа­лалық мә­­дениет, денешы­нық­тыру және спорт бөлі­мі­нің бас­шы­­сы А.Құмбаев.

 

Маңғыстау облысы