Фото: regnum.ru
Кәсіби мерекені белгілеу ұсынысын «Қазақстанның азаматтық авиациясы соғыс және еңбек ардагерлерінің бірлескен кеңесі» әзірлеген. Ұсыныс Көлік министрлігі тарапынан қолдау тауып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми бекіткен.
«Кәсіби мереке азаматтық авиация саласындағы іс-шараларға ерекше мән беріп, мемлекеттің жас ұшқыштарының патриоттық рухын дамытуға ықпал етеді», делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.
Айта кетейік, сала қызметкерлері кәсіби мерекелерін биыл алғаш рет атап өтеді.