Қоғам • 01 Ақпан, 2024

Алматыдағы зілзала: үйлер қирап жатса кім жауап береді?

1297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандық БАҚ өкілдері Индустрия және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшиннен Алматыдағы сапасыз салынған үйлер келесі жер сілкінісіне төтеп бере алмаса, ғимараттардың опырылуына кім жауап беретінін сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыдағы зілзала: үйлер қирап жатса кім жауап береді?

фото: dzen.ru

Вице-министр жедел әрекет ету және үйлерді тексеру шаралары одан әрі күшейтіледі деп сендірді.

«Төрт-бес баллдық жер сілкінісі болды, үйлер қалыпты жағдайда. Нысанның сапасы үшін сол үйдің жобалаушысы жауап береді. Біріншіден, нысан сапасы жобаға байланысты. Екіншіден, мұндай құрылысқа белгілі бір объектілерге сараптама жүргізген сарапшылар жауапты. Үшіншіден, жүктелген жауапкершілікті құрылысшылар да сезінуі керек. Сондықтан құрылысшыларымыз ғимарат салған кезде жобаны берік ұстанып, дұрыс әрі сапалы құрылыспен айналысуы керек», деді Тимур Қарағойшин.