Аймақтар • 01 Ақпан, 2024

Жаңа спорт кешені

176 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түпқараған ауданындағы Сайын Шапағатов ауылы тұрғындарының саны артып келеді. Сондықтан аталған ауылдық округте халық тұрмысына қажетті нысандарды іске қосу күн тәртібінде тұр. Жуыр­да ел мен жерді жаудан қорғаған халық батыры Сүйінғара Үргеніш­байұлы атындағы жаңа спорт ғимараты пайдалануға беріліп, жергілікті тұрғындарды қуанышқа кенелтті.

Жаңа спорт кешені

Фото: mangystaumedia.kz

«Сүйінғара батыр» спорт ке­шенінде қазақша күрес, жекпе-жек, дзюдо, көркем гимнастика, еркін күрес, тоғызқұмалақ, шахмат, зумба және стрип пластика сынды т.б. үйірмелер жұмыс істейді. Аталған іс-шараға қатысқан Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары З.Есбергенова көпшілікті жаңа нысанның ашылуы­мен құттықтап, өңірде спорт саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

– Жаңадан ашылған «Сүйінғара» жекеменшік нысанында балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғыл­дануы үшін барлық жағдай жасалған. Бұл ғимарат ауылдың барлық балалары үшін қолжетімді болады. Сондай-ақ спорт кешені іске қосылса, ауыл спортының дамуына үлкен септігін тигізбек. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әр Жолдауында спорт­­­­ты дамыту бағытында нақты ат­­қары­луға тиіс жұмыстарды айтып келеді. Осындай нысандардың ашылуы өңі­рімізде жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын көрсетеді, деді Есбергенова.

Өз кезегінде ауылдықтар риза­шы­лығын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

– Бүгін ауылымызда жаңа спорт мектебі ашылып жатқанына өте қуа­ныштымыз. Бізде мықты спортшылар бар. Алдағы уақытта осы жерде жаттыққан балалар әрі қарай үлкен спортта жетістікке жетеріне сенеміз, дей­ді ауыл тұрғындары.

Түпқараған ауданында бұқаралық спортты дамыту бағытында өзге де жос­парлар бар. Атап айтсақ, ал­дағы уа­қытта Сайын Шапағатов ауыл­дық окру­гінен 160 орындық спорт кешенінің құ­рылысын салу және Қызылөзен ауылынан футзал салу көзделіп отыр.

 

Маңғыстау облысы