Қазақстан • 02 Ақпан, 2024

Су саласы мамандықтарының студенттері шетелде білім алады

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек су саласының мамандықтары мәселелері бойынша бірлескен кеңес өткізіп, оған жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су саласы мамандықтарының студенттері шетелде білім алады

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінің мәлім етуінше, «Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, оған «Гидрогеология», «Су ресурстары», «Су қауіпсіздігі» секілді мамандықтар қосылды. Нәтижесінде, биылдан бастап Қазақстан студенттері аталған мамандықтар бойынша шетелде білім ала алады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 10 оқу орны су саласының мамандарын даярлайды. Ал қазіргі уақытта су мамандықтары бойынша 2500-ге жуық студент оқиды.

«Біз үшін су саласы мамандығын тартымды ету маңызды. 2024 жылдың басынан бері су шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 22% - ға өсті. Бұл Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген іс-шаралардың арқасында мүмкін болды. Сонымен қатар отандық су саласының кадрлық әлеуетін арттыру үшін министрлік су шаруашылығы мамандарын қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлап отыр», деді Нұржан Нұржігітов.