Оқиға • 04 Ақпан, 2024

Ақмола облысында 11 көлік соқтығысып қалды

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екатеринбург - Алматы тасжолында, Ақмола облысындағы Бірсуат ауылының маңында ірі жол апаты болды. 11 көлік соқтығысып, салдарынан бес адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында 11 көлік соқтығысып қалды

Фото: instagram/forum_krg

Желіде Ақмола облысындағы тасжолда болған ірі жол апатының видеосы тарады.

Екатеринбург - Алматы тасжолының 1318-шақырымында, Бірсуат ауылына жақын жерде бірнеше көлік соқтығысты.

«Оқиға орнына барған полицейлер Toyota Camry көлігінің 29 жастағы жүргізушісі қашықтықты сақтамай, жылдамдықты шектен асырып, сол бағытта келе жатқан Volkswagen Polo көлігімен соқтығысқанын анықтады. Оқиға салдарынан 11 көлік соқтығысты», деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті.

Полиция ауруханаға зардап шеккен бес адам жеткізілгенін хабарлады.