Бокс • 05 Ақпан, 2024

Испаниядан олжалы оралды

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испанияның Лас-Нусия қаласында әйелдер арасында өткен Boxam Elite-2024 турнирінің финалына Қазақ­станның тоғыз боксшысы шық­қанымен, солардың екеуіне ғана бас жүлде бұйырды.

Испаниядан олжалы оралды

52 кг салмақтағы Жазира Орақбаева­ның финалда франциялық Каэлья Мопеннен мерейі үстем болса, аса ауыр салмақтағы Ләз­зат Күнгейбаева испаниялық Саира Гарсия Гарайдың тас-талқанын шығарды. Алғаш­қы бәсекеде 4:1, екіншісінде 5:0 есебі тіркел­ді. Өкінішке қарай, өзге жеті былғары қол­ғап шеберлеріміз шешуші тұста сүрінді. Атап айтсақ, Аида Әбікеева (63 кг) мен Фариза Шолтай (81 кг) ағылшын Сача Хайки мен Эмбер Мосс-Берчке жарытып қарсылық көр­сете алмады. Назым Қызайбай (50 кг) фи­липпиндік Айра Вильегастан бір ғана ұпай айырмашылығымен жеңілсе, Гүлсая Ержан (75 кг) Херги Басядан ойсырай ұтылды. Сол секілді Әйгерім Сатыбаева (48 кг) испаниялық Кармен Гонсалес Ортегаға, Әнел Сақыш (54 кг) италиялық Сирин Шаарабиге және Мәдина Нұршаева (70 кг) тайпейлік Чень Ньень Чиньге жол берді.