Спорт • 05 Ақпан, 2024

Шайдоров – алтыншы орында

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Шанхай шаһарында мә­нер­­леп сырғанаудан төрт құрлық чем­­­пионаты аяқталды. Бұл жарыста Қа­зақ­­станның үш спортшысы бақ сы­нады.

Шайдоров – алтыншы орында

Фото: vesti.kz

Жерлестеріміздің арасынан ең жақсы нәтижеге 19 жастағы Михаил Шайдоров қол жеткізді. Жастар арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері қос бағдар­ламаның қорытындысы бойынша 244,80 ұпай жиып, 6-орынды иеленді. Диас Жиренбаев (195,88 ұпай) 16-орын алса, Рахат Бралин (177,89 ұпай) 19-сатыға табан тіреді. Ал бас жүлдені 20 жастағы Жапонияның жұлдызы, Бейжің олимпиадасы (1 күміс, 1 қола) мен әлем чемпионаттарының (2 күміс) екі дүркін жүлдегері Юма Кагияма (307,58 ұпай) олжалады. Оның отандасы Сун Сато (274,59 ұпай) күміс медальды мойнында жарқыратса, Оңтүстік Кореяның өкілі Чха Джунхван (272,95 ұпай) қолаға қол созды. Сондай-ақ жапониялық Сота Ямамото (263,43 ұпай) мен қытайлық Боян Цзинь (256,89) сынды сайыпқырандар үздік бес мәнерлеп сыр­ға­наушылардың қатарына енді.

 

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10