Кәсіпқой бокс • 04 Ақпан, 2024

Лукастың жарқын жеңісі

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның екі бірдей кәсіпқой боксшысы жарқын жеңістерімен жанкүйерлерін қуантты. Олар – Ангелина Лукас пен Асқат Жантұрсынов.

Лукастың жарқын жеңісі

Ангелина Лукас Әзер­бай­жан­ның астанасы Бакуде өт­кен жарыста пәкістандық Рома Юсафпен қолғап түйістірді. 26 жастағы Тараз қаласының тумасы алғашында әуесқойлар арасында елеулі табыстарға қол жеткізді. Ел чемпионы атанды, бірқатар халықаралық додада дараланды. 2021 жыл­дың желтоқсан айында кәсіпқой рингтегі тұсаукесер кездесуін өткізді. Сол кезден бері алты жекпе-жек өткізіп, бесеуінде же­ңіске жетті. Екі қарсыласын нокаутқа жіберді. Қысқа ғана мерізімде UBO және WBC International нұсқалары бойынша алтын белбеуді иеленді.

25 жастағы Рома Юсаф та осалдар санатынан емес. Ол бес бәсекенің барлығында басымдық танытты. Қос мықты аса жеңіл салмақтың WIBA нұсқасының чемпиондық атағы үшін талас­ты. Бірақ Пәкістанның өкілі жер­лесімізге лайықты қарсылық көр­сете алмады. Сегіз раундқа есептелген кездесу бірінші раундта аяқталды. Бәсеке басталған бетте Лукас Юсафты есінен тандырып, алтын белбеуді иеленді.

Дәл сол жарыста өнер көр­сет­кен аса ауыр салмақтағы Асқат Жантұрсынов та көпшіліктің қо­шеметіне бөленді. Осыған де­йін ол жеті рет шаршы алаңға шығып, алатауында жеңіске жет­кен еді. Бес қарсыласын ұрып жықты. Бакуде Асқатқа гру­зиялық Мугавил Мұсаевты айқын жеңу үшін небәрі 12 секунд жеткілікті болды.