Теннис • 06 Ақпан, 2024

Монпельедегі мерейлі сәт

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның Монпелье қаласында теннистен жүлде қоры 579 320 еуроны құраған «АТР 250» турнирі аяқталды. Финалдық сайыста Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик хорватиялық Борна Чоричпен күш сынасты.

Монпельедегі мерейлі сәт

Бублик финалға дейін канадалық Денис Шаповалов (№137), жуырда ғана Қазақ­стан азаматтығын алған Александр Шевченко (№59) және Үйеңкі жапырақтары елінің тағы бір өкілі Феликс Оже-Альяс­симнен (№30) айласын асырды. Ал шешуші кездесудің алғашқы сеті Борна Чоричтің жеңі­сімен аяқталса, қалған екеуінде Алек­сандр Бублик басымдық танытып, бас жүлдені олжалады. Есеп – 5:7, 6:2, 6:3. Осы табысы арқылы ол 88 125 еуроны еншіледі.

Бұл күндері Дубайда тұрып жатқан 27 жастағы Загреб қаласының тумасы Б.Чорич өзінің спорттық мансабында АТР турнирлерін үш рет ұтты. 2019 жылы Аус­тралияның ашық біріншілігінің төртінші кезеңіне дейін жетсе, 2020 жылы «US Open» додасының ширек финалында ойнады. Бес рет Ролан Гарростың үшінші айналымында өнер көрсетті. Осыдан бес-алты жыл бұ­рын Борна әлемдік рейтингте 12-орынға дейін көтерілген. Қазіргі кезде ол 37-сатыға тұрақтады.