Жекпе-жек • 06 Ақпан, 2024

Азаттың алғашқы жеңілісі

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында аралас жекпе-жектен «UFC Fight Night 235» турнирі өтті. Сол бәсекелердің бірін­де қазақтың ұлы Азат Мақсұм жер­гілік­ті файтер Чарльз Джонсонмен жұ­дырықтасты.

Азаттың алғашқы жеңілісі

Фото: championat.com

Осыған дейін 17 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, 12 қарсыласын есінен тандырған 28 жастағы қандасымыз үшін бұл әлемдегі ең белді промоушендегі екінші жекпе-жегі еді. Былтыр қараша айында Азат UFC-дегі тұсаукесер кезесуінде америкалық Тайсон Нэмді ұпай санымен ұтты.

Кешегі жарыста Мақсұмның даярлығы нашар екені бірден байқалды. Бірінші кезеңде оның басымдау болғаны рас. Бірақ одан кейін қаша жүріп шайқасқан Джонсон қандасымыздың бірде-бір ауыр соққысын өзіне дарытпады. Азат қанша талпынғанымен, ештеңе өндіре алған жоқ. Керісінше, екінші кезеңде АҚШ өкілінің бәсекені мерзімінен бұрын аяқтауға мүмкіндігі болды. Ол Мақ­сұмды жығып алды да, «қылқындыру» тәсілін жасауға тырысты. Бірақ бұл қауіптен қазақ оңай құтылды. Бәсеке аяқталған бетте бар­лық үш төреші 29:28 есебімен жеңісті Чарльз Джонсонға берді. Сөйтіп, Азат Мақ­сұм өзінің спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тапты.