Спорт • 05 Ақпан, 2024

Тарихи жеңіс!

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су спортынан әлем чемпионаты 1973 жылдан бері үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Содан бері 25 жарыстың жалауы желбіреді. Бірақ жарты ғасырдан аса уақыт аралығында Қазақстанның өрендеріне бір ғана қола медаль бұйырған еді.

Тарихи жеңіс!

Биылғы жарыстың жалауы Катардың астанасы Дохада желбіреді. 2 ақпаннан бері барша жанкүйер назары сол жаққа ауды. Ара-тұра Қазақстанның спортшылары тәуір өнер көрсетіп, финалға шыққаны жайында да естіп жатырмыз. Бірақ бірде-бір жерлесіміз жеңіс тұғырына көтеріле алмады. Ал өзге елдің өкілдері әр күн сайын түрлі-түсті медальдарды мойнында жарқыратып жатты. Күні бүгінге дейін біз соларға қызыға қарап келдік.

ва

Кеше Парсы шығанағынан қуанышты хабар жетті. Әртістік жүзуден құрамында Наргиза Болатова мен Эдуард Ким сынды дүлдүлдері бар Қазақстан командасы аралас жұптар сайысында қарсылас шақ келтірмей, бас жүлдені олжалады. Бұл – Қазақстанның су спорты шеберлерінің әлем чемпионатындағы тұңғыш әрі тарихи алтыны! Құтты болсын, Қазақ елі! Алдағы уақытта осы жеңісті жол жалғасады деп үміттенеміз. Бұл бәсекеде Қытай екінші орын алса, Мексика үшінші сатыға жайғасты.