Үкімет • 06 Ақпан, 2024

Премьер-министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектенов кім?

6131 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Amanat» партиясы құзіретіне сай Премьер-министр лауазымына кандидат ретінде Олжас Абайұлы Бектеновті ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Премьер-министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектенов кім?

Фото: gov.kz

«Amanat» ұсынған кандидат кім, бұған дейін қандай қызметтер атқарды?

Олжас Бектенов 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Кейінгі рет 2023 жылдың 3 сәуірінен бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған.

ІІ дәрежелі «Айбын» (2014) және «Даңқ» (2021) ордендерімен наградталған.

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.

Сонымен қатар әр жылдары: 

2005-2006 жылдары – Қазақстан Премьер-министрі Кеңсесінде заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы.  

2006-2009 жылдары – Қазақстан Президентінің Әкімшілігінде қызмет істеді.

2009-2012 жылдары – Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары.

2012-2014 жылдары – Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы.

2015-2016 жылдары – Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, Президент Әкімшілігінің басшысы хатшылығының меңгерушісі.

2016-2017 жылдары – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы.

2017-2018 жылдары – Ақмола облысы әкімінің орынбасары.

2018-2019 жылдары – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.

2019-2022 жылдары – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.

2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып қызмет атқарған.

Еске салайық, «Amanat» партиясы Олжас Бектеновтің кандидатурасын Премьер-министр лауазымына ұсынды. Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.