Тағайындау • 06 Ақпан, 2024

Премьер-министрдің тағы бір орынбасары тағайындалды

147 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл қызметке Серік Жұманғарин қайта тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Премьер-министрдің тағы бір орынбасары тағайындалды

Фото: primeminister.kz

«Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалсын», делінген Президент жарлығында.

Серік Мақашұлы Жұманғарин 1969 жылы Ақтөбе қаласында туған.

Мәскеу Ленин орденді және Октябрь Революциясы орденді энергетикалық интитутын, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Халықаралық бизнес академиясын бітірген.

1993-2004 жж. кәсіпкерлікпен айналысқан.

2005-2006 жж. – Ақтөбе қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары; Ақтөбе қаласы Кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.

2006-2007 жж. – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары.

2007-2008 жж. – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы; ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры.

2008-2010 жж. – ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаментінің директоры; «Қазақстандық келісім-шарт агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2010-2011 жж. – «NadLoc» жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.

2012-2013 жж. – ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры; ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Өңірлік даму комитетінің төрағасы.

2013-2014 жж. – ҚР өңірлік даму вице-министрі.

2014-2017 жж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы.

2017-2019 жж. – ҚР ұлттық экономика вице-министрі.

2019-2020 жж. – Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министр).

2020-2022 жж. – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы.

2022-2023 жж. –  ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі.

2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.