Теннис • 07 Ақпан, 2024

Бублик 23-орынға көтерілді

46 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Монпельедегі турнирде топ жарған Қазақстанның бірінші ракеткасы Алек­­сандр Бублик сол табысының нә­ти­жесінде АТР рейтингінде төрт са­­тыға жоғарылап, 23-орынға көтерілді.

Бублик 23-орынға көтерілді

Фото: zakon.kz

Жерлесіміз бұған дейін дәл осындай деңгейге жеткен жоқ еді. Оның ең үздік көрсеткіші – былтыр жазда 25-орынды ен­шілегені. Жуырда ғана Қазақстанның аза­маттығын алған Александр Шевченко Фран­циядағы жарыстың ширек финалына дейін жетіп, Бубликке есе жіберді. Сол межеге жеткені үшін ол үш сатыға жоғарылап, 56-орынға тұрақтады. Ал көш басында айтарлықтай өзгеріс жоқ. ТОП-10-дықтың қатарында сербиялық Новак Джокович (Сербия), Карлос Алькарас (Испания), Даниил Медведев (Ресей), Янник Синнер (Италия), Ан­дрей Рублев (Ресей), Александр Зверев (Гер­мания), Хольгер Руне (Дания), Хуберт Хур­кач (Польша), Тейлор Фриц (АҚШ) және Стефанос Циципас (Грекия) сынды марқасқалар бар.

WTA рейтингінде үздіктер санатына Ига Швентек (Польша), Арина Соболенко (Беларусь), Кори Гауфф (АҚШ), Джессика Пегула (АҚШ), Елена Рыбакина (Қазақстан), Онс Жабер (Мысыр), Кинвен Чжен (Қытай), Маркета Вондроушова (Чехия), Мария Сакари (Грекия) және Каролина Мухова (Чехия) еніп отыр. Еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путинцева 69-сатыға табан тіреді.