Спорт • 08 Ақпан, 2024

Базельде күміспен күптелді

88 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швейцарияның Базель қаласында жасөспірімдер арасында өткен шпагамен семсерлесуден Әлем кубогінің ке­зеңдік сайысы аяқталды.

Базельде күміспен күптелді

Фото: inbusiness.kz

Бұл жарыста еліміздің жас өрендері өздерін жақсы қырынан көрсетті. Құрамында Богдан Лукин, Алексей Касаткин және Кирилл Проходов сынды тастүлектері бар жерлестеріміз бастапқы бәсекелерде Польша мен Швейцарияны ұтса, жартылай финалда АҚШ спортшыларына сан соқтырды. Бірақ ақтық сында Мажарстанға есе жібердік. Сөйтіп, Базельдегі бәсекеде Қазақстанның семсерлесушілері күміс медальді иеленді.

Алдағы уақытта отандастарымызды көптеген ірі халықаралық жарыс күтіп тұр. Олардың арасындағы ең ірілері – Әлем кубогінің ке­зеңдік бәсекелері, әлем және Азия бірін­шіліктері. Сол дүбірлі додаларда да біздің ұл-қыздар жеңіс тұғырына кө­теріледі деп үміттенеміз.