Хоккей • 08 Ақпан, 2024

Сәтсіздік сегіз ойынға жетті

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» соңғы екі кездесуін өз мұз айдынында Хаба­ровскінің «Амурына» қарсы өткізді.

Сәтсіздік сегіз ойынға жетті

Алғашқы бәсеке біздің команда үшін сәтті басталды. Матчтың 5-минутында Роман Старченко есеп ашты. Үзілістен кейін Алекс Броадхёрст таразы басын теңестірді. Үшінші кезеңде хабаровскілік Ян Дрозг пен астаналық Аркадий Шестаков бір-бір голдан соқты. Негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталды. Овертайм басталған бетте Владислав Барулин нысананы дәл көздеп, Қиыр шығыстан келген командаға жеңіс сыйлады – 2:3.

Екінші ойында «Барыс» дәрменсіздік танытты. Алғашқы екі кезеңде қос ұжым бір-бірінің осал тұсын таба алмады. Соңғы 20 минутта «Амурдың» беткеұстарлары Владислав Барулин мен Дмитрий Шевченко екі рет шайбаны қақпаға тоғытты – 0:2. Сөйтіп, елордалық хоккейшілер қатарынан сегізінші ойында ұтылып, жарыс кестесіндегі жағдайын одан әрі қиындата түсті.